Жемқорлық жайлаған қоғамда құлдырау басталады. Сондықтан онымен күресте ортақ жауапкершілік болуы керек, яғни қоғам дертімен күрес тек құзырлы органдардың ғана міндеті емес, бұл – баршамызға ортақ міндет.
Иә, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері сыбайлас жемқорлықпен күресті мықтап қолға алды. Олай болатындай жөні бар. Біз бұл қадамға бармай, дамудың даңғыл жолына түсе алмаймыз.
Жалпы қоғам дертімен күресте әрбір адамның құқықтық сауаты болуы керек. Сондықтан осы бағытта түсіндірме жұмыстары да ұдайы әрі тиімді ұйымдастырылуы керек.
Шындығында, әрбір адамда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзімізден бастауымыз керек» деген түсінік қалыптасса, қоғам алға жылжиды, мемлекет дамиды, өсіп-өркендейді. Расында әрбір адам сыбайлас жемқорлықпен күресті өзінен бастаса, бұл дерт қоғамнан өздігінен жойылады.
Әр салада қоғам дерті көрініс таппаса, олқылықтар да орын алмайды. Ал сыбайлас жемқорлық белең алған салада міндетті түрде жұмыс кері кетеді, бір сөзбен айтқанда, сала құлдырап, соңы мемлекеттің дамуына кері әсер әкелумен аяқталады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресте баршамызда ортақ жауапкершілік болуы тиіс.
Мадина ТҰРСЫНБАЕВА,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!