Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:19

Тазалық бәрінен маңызды

15.10.2022

418

0

“Өркениетті елдерде тәртіп мықты ма, тәрбие жоғары ма, көшеге бей-берекет қоқыс тастаған адамдар аз. Мәселен, Жапон елінде көше тап-тұйнақтай таза, күл-қоқыс көрінбейді” дейді жапон азаматтығын алған, қызылордада туып-өскен Айгерім есімді қазақ қызы. Тіпті есікті құлыптамай ашық тастап қалаған жеріне бара береді. Бұл жерде темірдей тәртіп. Көшені ластамақ түгілі, көшеге байқамай әмияныңды түсіріп алсаң, қайтып айналып соққанда әлгі әмияныңыз бір тиыны да кеміместен орнында жатады екен. Біз секілді әбігерге түскен адам ол жақта кездеспейтін болып шықты.

Иә, қарап отырсаңыз, тазалық та тәрбиенің ең өзектісі. Санада сәулесі бар, көкейінде ақыл-парасаты бар адам ешқашан өзі күнде жүретін көшесін, тұратын мекен-жайын бүлдірмейді. Қайта оған аса жауапкершілікпен қарап, туған жерін түлетеді емес пе?


Міне, апта сайын өтетін сенбілік жұмыстары – соның айқын көрінісі. Өткен аптада аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту және көркейту бойынша сенбілік өтті.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сенбілікке аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме қатысты.
Тазарту шарасында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тазарту жұмыстарын жасап, шөп-шаламды шауып, қоқыстарды жинады.
Иә, дұрыс-ақ. Енді сол тап-тұйнақтай етіп жиылған жерге қайта қоқыс тастап, өзімізге өзіміз қиянат жасамайық. Сана тазарса, айналамыз айнадай таза болатыны айдан анық.

Г.АСҚАРҚЫЗЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: