Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жексенбі, 05 мамыр, 04:27

Төреғали Төреәлі қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды

15.06.2023

651

0

Төреғали Төреәлі 20 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Қазақстандық атышулы жұлдыз есірткілік мас күйде көлік жүргізіп, жол ережесін бұзған.

«Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол көлік құралдарына зақым келтіруге әкеп соққан есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарған», – дейді қалалық сот.

Төреғали есірткілік мас күйде көлік басқарып қана қоймай, патрульдік көлікке шабуыл жасаған. Әншінің тәртіпке бағынбауының салдары жол апатын тудырып, көліктер механикалық зақымданған, дейді ведомстводағылар.

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді мойындап, өз ісіне өкінетіндігін айтқан. ⠀

«Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы ӘҚК 608-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылды және оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды», – дейді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, 14 маусымда қазақстандық өнер жұлдызының полициямен жандалдасқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: