Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Бейсенбі, 23 мамыр, 23:46

Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан аймақтардағы жағдай туралы баяндады

05.05.2024

720

0

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы қазіргі ахуал туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Қазіргі уақытта Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында су сору жұмыстары жалғасып жатыр. 

Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр. Құтқарушылар 2815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізген. Дәл осындай жұмыстар СҚО-да да атқарылған. 

“Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар, олардың 430-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда. Жайық өзеніндегі су деңгейі артуда. Төмендеу байқалмайды”, – делінген хабарламада. 

Бүгінде ел бойынша 49819 адам өз үйлеріне оралды. Су тасқыны басталғалы бері 15 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: