Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 00:40

Үсік жүріп, екпінді жел соғады: Жұма күніне арналан ауа райы болжамы

27.09.2024

217

0

«Қазгидромет» синоптиктері бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, кей өңірде қар жауып, 2 градусқа дейін үсік жүреді, деп жазады Egemen.kz

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус суық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Қостанай облысының солтүстігіне тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталатыны ескертілді.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мамандардың болжамына сәйкес, Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

«Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының басым бөлігінде оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады», дейді синоптиктер.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: