Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра – Орда” қоғамдық қоры мен аудандық орталық “Иманқұл” мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық спорт түрі – садақ атудан аудандық сайыс ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастар арасында салт-дәстүрге деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өткен шараға аудан тұрғындары мен жастар белсенді қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар мергендік пен ептіліктерін сынға салып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде үздік деп танылған қатысушылар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталып, жалпы жүлде қоры 60 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.
Шара соңында ұйымдастырушылар ұлттық ойындарды дәріптеу – ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!