Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 17 сәуiр, 11:26

«Жалғыз шыны зауыты». Депутат отандық өндірісті қолдауға шақырды

31.01.2024

318

0

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаев отандық өнім өндіруші кәсіпорындарға мемлекет қолдау көрсетіп, қамқорлық танытпаса, жергілікті кәсіпкерлердің ісі өнімді болмайтынын айтты, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дамыған мемлекеттерге барған сапарында дүниежүзіне танымал кәсіпорын басшыларын елімізге тізе қосып жұмыс істеуге шақырды. Осындай қадамның нәтижесінде Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, озық жабдықтармен жабдықталған шыны өндірісі іске қосылды.   

Біз қаңтар айындағы сайлаушылармен кездесу барысында Қызылорда облысында болып, «Orda Glass LTD» кәсіпорнын да аралап көрдік, ұжымымен жүздестік. Еліміздегі жалғыз шыны зауыты бұл. Жоба инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 46 миллиард теңгеге салынды. 373 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт іске қосылғалы 173 мың тонна өнім шығарылып, оның 70%-ы ішкі нарыққа сатылса, 30%-ы көрші елдерге экспортталған. Бірақ қазіргі таңда ішкі нарықтың сұранысына шетелден келген шыны өнімі көбейді. Себебі өзге елдердің үкіметі отандық тауар өндірушілеріне қолдаудың әралуан механизмін жасап отыр. Мысалы, қосымша құн салығын қайтарып, газ бағасын төменгі тарифпен беріп жатыр. Осындай қолдау-көмектен кейін де  импортталатын шыны бағасы арзан. Жоғарыда аталған жобаның еліміз үшін маңыздылығын ескеріп, отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау қажет», деді М.Ергешбаев.  

Депутат елімізге импортталатын өнімді тұтынудан гөрі, құрылыс нысандарына отандық өнімдерді қолдануды талап еткенде ғана өндіріс саласын көркейтуге мүмкіндік болатынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: