Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 17:32

Жаңа жолдау – ел болып дамудың жаңа сатысына көтерілу

17.10.2022

469

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»атты жолдауын насихаттау мақсатында Мырзабай ахун ауылдық округіндегі «Егінші» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өтті.


Келелі кездесу ақпараттық-насихат топ мүшесі, партия ардагері Нұржанов Болат және партияның аудандық филиалының «Мырзабай ахун ауылдық округі» БПҰ төрағасы Оспанова Сәлима қатысты.

Егіншілер қауымы да жолдаудағы айтылған мәселелерге өз ойларын қосты. Ұжым жолдауда көтерілген әлеуметтік, саяси, құқықтық реформаларды қолдайды. Жиын барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шешімдердің жиынтығы. Олай дейтініміздің себебі, мемлекет басшысы өзінің бес бағыттан тұратын Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірқатар реформаларды ұсынды. Ұлттық қордың пайдасы қарапайым халық үшін қызмет ететіні көпшілікті қуантқан жәйт. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге төмендегені де жағымды жаңалық болды. Бала күтіміндегі аналардың ақылы демалысы бір жарым жылға дейін ұзартылатын болды. Бұл да декреттік демалыстағы нәзікжандылардың пайдасына шешілген сұрақ.

Жолдауда айтылған реформалар – еліміздің табысты болашағын айқындайтын нақты іс-әрекет жасаудың айқын нұсқаулығы әрі тікелей тапсырмалардың жиынтығы десек те болады. Жолдау алдағы уақытта мемлекетіміздің қай салада кемшін тұстарын ілгерілету керектігін дөп басып айтқан айқын іс-шаралардың жиынтығы іспеттес. Биылғы Жолдаудағы айтылған барлық бағыттағы өзекті мәселелерді орындай отыра біз идеологияны ұмытпауымыз қажет дегім келеді. Себебі біздің қазақ халқының ұлттық құндылықтары, өткен тарихы, болмысы бөлек менталитетіміз бәрі-бәрі әрбір отандасымыздың рухын көтеруге қызмет етуі керек. Жаңа Қазақстанды құрудағы басты бағытымыз ұлттық рухымызды жаңғыртуға тиіспіз деп санаймын – деді Нұржанов Болат.

Мемлекет басшысының Жолдауы әрбір қазақстандыққа жүктелетін зор жауапкершілік. Алға қойған бағытымыздан таймай, Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысуымыз керек . Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Жолдауды халық асығыстықпен күтеді. Биылғы Жолдау еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыруға, ұлт сапасын арттыруға баса мән беру керектігі айтылды – деді Сәлима Оспанова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: