Кез- келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында бүгін 29 маусымда «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Мырзабай ахун ауылдық округі» БПҰ ұйымдастыруымен ауылдық округке қатысты мекеме қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы ақпараттар алып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және қоғамды дұрыс жағынан қалыптастыру болып табылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!