Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:55

Жолдау және үлкен мүмкіндіктер

05.09.2023

372

0

2023 жылдың дәстүрлі білім күні, яғни
1 қыркүйек Қазақстан республикасыны Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Атаулы күні жарияланған жолдаудың да маңыздылығы ерекше деп ойлаймын. Жақсылықтың нышаны болу керек деп топшыладым.
Мемлекет басшысы сайланғаннан кейінгі уақыт аралығында сайлауалды бағдарламасына сәйкес берілген уәделер мен тапсырмалары толық жүзеге асуда. Біршама парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейді. Көптеген заңдар жобасына бастамашыл болып, халыққа жағымды, өзекті деген мәселелерді көтерді және оның орындалуына мән берілді.
Мемлекет басшысының бастамасымен түрлі жобалар аясындағы жұмыстар өз жемісін беріп отыр. Оның дәлелі ауылдық жерлерді дамыту, жағдай жасау, игерілмей жатқан бос жерлерді игеру т.б сол сияқты жұмыстардың қарқынды жүруіне куә болып отырмыз.
Әсіресе білім саласына деген оң көзқарас пен қамқорлығын ерекше айтуға болады. Мұғалімдердің жалақысының екі есеге өсуі, «Жайлы мектеп» жобасының іске қосылуы, балабақша тәрбиешілерінің айлығының көбеуі ұстаздар қауымы үшін қуанышты жаңалық болды.
Жолдауда білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік, экономика саласы, бір сөзбен айтқанда барлық сала қамтылған.
Жолдауда айтылған мәселелердің уақытылы орындалуы үшін біз де қарап отырмауымыз керек. Қолымыздан келгенше мүмкіндіктерді пайдаланып, елімізге тырнақтай болса да үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын.
Біз үшін Жаңа Қазақстан, жақсы мүмкіндіктер әлемі. Елімізбен бәрге алпауыт, дамыған елдердің қатарына қосылу үшін және сол деңгейге жақсы жолмен баруымыз үшін, осындай еліміздің қай саласын болмасын, көтеретін аса үлкен реформаларды күттік және оған қол жеткіздік.
Әділетті Қазақстанды құруда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының еңбегі зор. Қалай болғанда да елімізді, ата – бабамыздан аманатқа қалған қасиетті жерімізді қоғау, патриоттық сезіммен жанашырлықпен қарау жалғыз мемлекет басшысының міндеті емес, біздің де үлкен парызымыз. Сондықтан да халқымызды қашанда Президентіміздің саясатын қолдауға, жобаларды бірге жүзеге асыруға, сертімізге адал болуға шақырамын.
Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!

Жантас БАЙЖАНОВ ,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «М.Шәменов ауылдық округі» БПҰ төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: