Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 26 сәуiр, 20:28

Жолдау – жарқын болашаққа жолдама

18.10.2022

344

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын насихаттау мақсатында ақпараттық –насихаттық топ мүшелері партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, партия ардагері Қадыгүл Дәулет және аудандық мәслихат депутаты Қайрат Досымов қатысты.

Отырыста талқыланған негізгі тақырып – Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған, елімізде қордаланған мәселелерді шешу жолдары, халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған, мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларына қатысты жаңа міндеттер.

Жолдауда халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Ендігі кезекте біздің бірлігіміз маңызды. Әділетті Қазақстан құруда баршаңызды бір болып, ел игілігі жолында жұмыс жасауға шақырамын – деді партия ардагері Қалдыгүл Дәулет.

Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік- экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылып, еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Әр жолдау еліміздің әр саласына жаңа серпінмен талпыныс беретіні анық.Олай болса еліміздің жарқын болашағымен кемел келешегі үшін жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау әр азаматтың борышы – деді Қаншагүл Мұстафаева.

Жиынға қатысушылар Жолдауға қатысты пікірлерін білдіріп, бірауыздан қолдайтындықтарын және «Әділетті Қазақстан» жолында қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: