Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 04:33

Cаяси науқанда тұрғындар белсенділік танытуда

12.01.2021

739

0

Бүгін республикадағы барлық сайлау учаскесі ертемен жұмысын бастады. Әр участікке тиісті тұрғындар белсенділік танытып, өз дауыстарын беруде. Аудан орталығындағы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінде орналасқан №131 сайлау участігіне келушілер қатары көп.

– Сайлау науқаны әділ өтуде. Ешқандай кемшілік байқағаным жоқ. Қарап тұрсаңыз, тұрғындар да белсенділік танытуда. Мен де кент тұрғыны ретінде, Қазақстан азаматы ретінде қалаған партияма дауыс бердім. Саяси науқанда барлығына сәттілік тілеймін, – дейді кент тұрғыны Жұлдыз Қырықбаева.

Айта кетейік, сайлау науқаны өтіп жатқан №131 сайлау участігінде карантиндік ережелерге сәйкес барлық санитарлық талаптар сақталған. Ғимаратқа медициналық бетпердемен кіру талаптары қатаң сақталған. Сондай-ақ участікке келушінің дене қызулары өлшенуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: