Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 10:41

Жастарды қолдау – болашақтың іргетасын қалау

22.08.2023

1865

0

Ел болашағын жарқын етуде жастардың үлесі зор. Бір сөзбен айтқанда, жастар – қоғамның қозғаушы күші. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген жас ұрпақ өз елінің даму жолында аянбай тер төгеді. Жастардың қоғамдық ой-санасын жетілдіру, шығармашылық әлеуетін арттыру жолында аудандық жастар ресурстық орталығының алар орны ерекше. Жастардың шығармашылығын дамытуға, жаңашыл жобалардың қанат бітуіне орталықтың берер бағыты мен мүмкіндігі мол. Жаңашыл бастаманың жанынан табыла білетін мекеме өңір жастарының ғана емес, ауыл жастарының дамуына да өз септігін тигізіп келеді. Жас та болса аудан жастарының басын біріктіріп, олармен бірлесе қызмет етіп жүрген жандардың бірі – аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Амандық. Ауданда жастар саясатының жүзеге асу барысымен танысу үшін орталық директоры Нұржан Раисұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Жалпы, жастар үшін жастар ре­сурстық орталығының маңы­зы зор. Өзіңіз басшылық жа­сап отырған мекеменің бүгінде атқарып жатқан жұмыс­тарына тоқталып өтсеңіз…
– Өздеріңіз білетіндей жастар ресурстық орталығы жастармен тығыз жұмыс атқаруда. Осы уа­қытқа дейін ұйымдастырылған бар­лық іс-шараға өздеріңіз куә­сіздер.
Жалпы, біздің басты мақсатымыз – жастардың бос уақытын тиімді пай­далану, оларға мемлекеттік бағ­дар­ламаларды насихаттау. Спортқа, шығармашылыққа баулу, пат­риоттық рухын арттыру, одан бөлек мем­лекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамту, баспаналы болуға дұрыс бағыт-бағдар беру. Былтыр жас­тарға патриоттық тәрбие беру мақсатында 3 жоба жүзеге асқан болатын. Жылда жобалардың атауы маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Кейде шығармашылық жас­тармен жұмыс жасасақ, енді бірде патриоттық бағытта болады.
Жалпы, биыл жастарды дамыту мен қол­дауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіңде 3 жобаны жү­зеге асыруға 4 млн 200 мың теңге қаржы бөлінді. Екі жоба қазіргі таңда жүзеге асып жатыр. Оның ішінде шығармашылық жас­тар­мен жұмыс, ардагерлермен кез­десу, спорттық сайыс, барлығы қам­тылған. Ал NEET санатындағы жұ­мыс­сыз жастармен 2018 жылдан бері тіке­лей жұмыс жасау – біздің алға қойған ең бірінші міндеттеріміздің бірі. Президент тапсырмаларында да, Жолдауларында да осы NEET сана­тындағы жастар туралы тапсыр­малар беріліп келеді. Сондай-ақ биыл жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірлесіп 14 ауылдық округті аралап, мемлекеттік бағдарламалар туралы жастарға түсіндірме жұмыстарын жүр­гізіп, жеке қабылдаулар өткіздік. Сон­дай-ақ әртүрлі форматта шаралар мен кездесулер өтеді. Мәселен, білім және полиция бөлімдерімен, «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасымен бірлесе отырып, жастар арасында құқық ­бұзушылықтың алдын алу мақ­сатында, ауданның ойын-сауық орталықтарында түнгі рейд жұмыстарын жүргізіп келеміз. Одан бөлек ерікті жастардың қа­ты­­суы­мен акциялар өткізілуде. Атаулы ме­ре­келерде ауданның ерік­ті жас­тарымен бірлесе түрлі ша­­ра­лар ұйымдастырамыз. Мәселен, жалғызбасты, көпбалалы ана­­лар­ды мереке қарсаңында құт­тық­тап, кішігірім сыйлықтарын табыс­тай­мыз. Сондай-ақ Ха­лық­аралық бала­ларды қорғау күніне орай ру­­ханият орталығында кәсіпкер­лер­­дің демеу­шілігімен балаларды қуан­ту мақсатында бір күн бойы іс-ша­­ралар өтті. Бұдан бөлек ауыл жас­та­рының жазғы уақытын тиімді өт­кізу мақсатында аймақтық спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Әр­дайым жас­тармен кездесіп, жат ағым­­дар­дан сақ болу мақсатында, қыл­мыс­тың алдын алу бағытында, тәр­биеге байланысты жоғары сынып оқу­шы­ларымен жиі кездесулер ұйым­дастырамыз. «Жасыл ел» еңбек жасағымен де қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан құмар ойын, энер­гетикалық сусындар зия­ны туралы денсаулық орта­лы­ғы­мен бірлесіп, тү­сіндірме жұмыс­та­рын жүргізіп ке­леміз. Халық көп шоғыр­­ланған орын­дарда акциялар ұйымдас­тырамыз. Сондай-ақ жа­қын­да жастар күніне орай апталық өтіп, әртүрлі бағытта шаралар ұйым­дас­тырылды.
Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мек­те­бінің жұмысы жыл санап өз маңыз­дылығын көрсетуде. Бүгінге дейін аудан жас­тарынан құрылған еріктілер шағын гранттарды жеңіп алу арқылы 3 Coworking орталық, 3 спорттық үйірме, 2 көшеге қоқыс жәшігін орнату, ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге мате­риалдық демеушілік, ауылды көр­кейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және Жалағаш кентінде 1 отбасыға баспана табыстады.
2020 жылы 14 жоба 5 млн теңге, 2021 жылы 6 жоба 5,5 млн теңге, 2022 жылы еріктілер 6 млн135мың теңгені құрайтын 16 жобаның жеңімпазы атанды. 2023 жылы осы бағыттағы грант­тарға жастарды қатыстыру жұ­мыстары жүргізіліп келеді.


– Аудан әкімінің «Жалын жас­тар» сыйлығын кімдер алады?
– Қазақстандық патриотизмді арт­ты­руға елеулі үлес қосқан дарынды белсенді жастарды қолдау мақсатында ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығына байқау қыркүйек-қазан айларында жарияланып, қа­раша желтоқсан айларында жүзеге асырылады. Аталған сый­­лық түрлі саладағы талантты жас­тарды ынталандыру және олар­дың еңбегін тану мақсатында 2018 жылдан бері бастау алып, жыл сайын түрлі номинациялар беріліп, толықтырулар енгізіліп келеді. Мәселен, былтыр сала үздіктерінен бөлек «Үздік оқушы» но­минациясы қосылған болатын. Оның бір жолғы қаржылай сыйақысы былтырдан бастап 100 мың теңге болып бекітілді. Бұл қаржы жалпы осыған дейін жасаған жұмыстарына қолдау және мотивация болып та­былады. Арнайы конкурс арқылы комис­сияның алдында қорғау өтіп, қатысушыларға номинациялар та­ғайын­далады.


– Мемлекеттік бағдар­ламалар­дың игілігін жастар көріп жатыр ма?
– 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына орай «Тәуелсіздік ұрпақ­тары» деген жоба ұйымдастырылды. Оған ауданның белсенді жас­тарының бірі, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айсана На­мурадин қатысты. Ол «Медиа», жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қы­зықты контентті құру жөніндегі жо­баларды іске асыру бағыты бойынша 3 млн теңге грант жеңімпазы атанды. Ал биыл 7 жоба ұсы­нылып, оның 2-еуі облысқа жол­дама алып, 1-еуі жеңімпаз атанды. Қоғамдық даму басқармасының «Ке­лешек PRO» әлеуметтік жобасы аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» бай­қауының облыстық кезеңінде «Жасыл ел» еңбек жасағында жұ­мыс жасайтын Динара Жарқынбек есімді қарындасымыз «ІТ» бағыты бойынша 300 мың теңге қаржылай қай­тарымсыз грантқа ие болды. Сондай-ақ күні кеше Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай арнайы шығарылған қоғам ісінде жанашыр, кәсіби сала үздіктерін жинақтаған сырбойылық жастардың «Сыр үміті» жинағына «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпазы Айсана Намурадин мен Нарбота Серәлі есімді ауданымыздың белсенді жастары кітапқа енді.


– Жұмыссыздықты жою елдегі күрмеуі қиын мәселе екені анық. Бізде жұмыспен қамту, кәсіпкер жастарды қолдау қаншалықты бір жолға қойылған?
– Иә, жастар арасында ең өзек­ті болып отырғаны – жұмыс­сыз­­дық мәселесі. Қазіргі таңда ау­данда жастар арасындағы жұ­мыс­сыз­дық деңгейі 4,2 пайызды құ­рап отыр. Өздеріңіз білетіндей жуырда ау­дан орталығында «Tulga bol» жас­­тарды әлеуметтендіруге бағыт­талған жәрмеңкесі ұйымдастырылған бо­ла­тын. Оған аудан тұрғындары мен жастары келіп, әр сала маман­дары­нан жұмысқа орналасу, жастар кәсіп­керлігі, білім, денсаулық сала­лары, және т.б бағыттар бойынша кеңес алды. Сондай-ақ жастар кө­кейінде жүр­ген сауалдарын қойып, мем­­лекет­тік бағдарламалар мен мүм­­­кіндіктер жайлы кеңінен ақпарат алды.
Сонымен қатар жыл сайын «Жасыл ел» жасағына кадр жинақ­талады. Бұл бағдарлама аясында жастар уақытша болса да жұмыс жасайды. Аудан бойынша 2023 жыл­дың 6 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3303 бірлікті құраса, оның ішінде 1273 субъектісі, нақтырақ айтсақ, 787 дара кәсіпкер, 12 заңды тұлға, 474 шаруа және фермер қожалығы немесе 38 пайызын 18-35 жас аралы­ғындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр. Сондай-ақ жыл басынан ау­дан­нан мемлекеттік және өңірлік бағ­дар­ламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 76 кәсіпкер 1494,2 млн теңгеге қаржыландырылса, оның ішінде 15 жас кәсіпкердің жобалары 132 млн теңгеге қаржыландырылған. Жыл басынан бері «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ арқылы жастар кәсіпкерлігін бастау немесе дамыту бағытында аудан бойынша 22 жоба қатысып, қазіргі таңда 11 жоба 51,5 млн теңгеге қаржы­ландырылды.


– Өздеріңіздің бастамала­рыңызбен өтетін шара­лар­дың жастарға тиімділігін арттыру ба­ғы­тында басшы ретінде қан­дай өзгерістер қосып жатырсыз?

– 2019 жылдан бастап орталықтың мамандары ақылдасып бастау алған жоба – «Еңбек лагері». Оған түрлі сала өкілдері мен жұмыссыз жастар, «NEET» са­натындағы жастар мен белсенді жастарды қатыстыра оты­рып, шаруашылықтарда біркүндік еңбек лагерін ұйымдастырамыз. Бір жа­ғынан жұмыс жасаса, екіншіден, кешкі алауда отырып ән айтып, би билеп, уақыттарын қызықты өткізеді. Негізгі мақсат – ауылдың құндылықтарын ұмыттырмау, салт-дәстүрімізді насихаттау, жастар арасында өзара достық қарым-қатынас орнату болып табылады. Бұл жоба тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Былтыр бұл жобаны «Ер-Әлі» шаруа қожалығында ұйымдастырдық. Жас­тар ол жерде картоп өнімдерін жи­науға көмектесіп, көтеріңкі көңіл-күйде қайтты.


– Ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 966 жас бар. Әрине оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жастарымыз да бар. Оларға қан­дай қолдаулар бар? Соған бай­ланысты қандай шаралар ұйым­дастырылып тұрады?
– Мүмкіндігі шектеулі жаста­рды қоғамдық ортаға тарту мақ­сатында концерттік бағдар­ламаларда өз өнерлерін көрсетуге ықпал жасап, іс-шаралардан қалыс қалдырмаймыз. Сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлесе отырып, түрлі бағытта шаралар өткізіп келеміз және жоспарға сәйкес алдағы уақытта да ұйымдастырамыз.


– Қазіргі жастарды қандай дү­ние­лермен қызықтыра аламыз?

– Ізденген адамға жастарды жа­лықтырып алмаудың жолы көп. Қазір не көп, жастармен өткізіліп жат­қан іс-шара көп. Алдағы уақытта рес­пуб­ликалық, облыстық деңгейде та­нылып жүрген бизнес-тренерлерді шақырып, семинар-тренинг өткізу ар­қылы жастарға қолдау көрсетсек деген идея бар. Қазір жастардың көбісі телефонның ішіндегі әлемнен шыға алмай жүр. Оларды сол шең­берден шығарып, қазақы қалпын ояту мақсатында танымал тұлғалармен сыр-сұхбатты көбірек өткізуді қолға алатын боламыз.
Жас­тарды кітап оқуға тарту керек. Біз жылдың ба­сында аудандық кітап­ханамен бір­лесіп, «Leaders» оқыр­ман­дар клу­бын құрдық. Тұрақты түрде ай сайын кездесу шаралары өткізіліп ке­леді. Жастардың кітап оқуға деген қызы­ғу­шылығын арттыру мақсатында ар­найы біркелкі футболка жасатып, ал­дына зиялы тұлғаларымыздың на­қыл сөздерін жазып, артына «Leaders» оқырмандар клубы деп жаз­ды­руымыздың негізгі мақсаты – кітап оқуға тарту.


– Алда басқа да қандай жобалар бар?

– Аудан жастарының басын бірік­тіріп, туған жерді өркендету, дамыту бағытындағы жаңа жобалар жасау – жастар орталығының басты міндеті. Осы тұста жастармен етене араласып, олардың кәсіппен шұ­ғыл­дануына жағдай жасауда ең негізгі міндеттердің бірі. Қазірдің өзінде қаншама жас қайтарымсыз грант­тың игілігін, өз кәсіптерінің жемісің көруде.
Мұнан бөлек жастар арасында жұмыссыздықты төмендету негізгі мақсаттарымыздың бірі болып та­былады. Мемлекет тарапынан бол­сын, қалалық, облыстық, аудан­дық әкімдіктен жастарға қажетті қолдау көрсетіліп келеді. Себебі қазір жас­тар мәселесі басты назарда. Ме­нің ойымша, жастарды қолдау — ел болашағына деген қамқорлық. Себебі елдің ертеңі мен кемел келешегі жастардың қолында.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасхан
Ақтоты Ержанқызы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: