Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сенбі, 25 маусым, 08:13

25 мамырда елімізде күн райы қандай болады

25.05.2022

57

0

Синоптиктер 25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен шаңды дауыл күтіледі, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, екпінді жел соғады. Антициклон әсерінен солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, республика орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады,- деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, күндіз солтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, батыста және шығыста жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында айзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының шығысында күн күркірейді, желдің күші 15-18 м/с болады.

Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде шығыста найзағай ойнайды.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнайды, найзағай ойнағанда – жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз солтүстікте, Ақмоланың батысында, Солтүстік Қазақстан, Түркістанның таулы аймақтарында, түнде Қарағандының оңтүстік-шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында желдің күші 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: