Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 13:33

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АСХАНАЛАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ.

02.04.2024

5958

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы білім саласы бойынша мектеп асханалары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының асханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Аталған мониторинг жұмыстарына Жалағаш аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, фракция мүшесі Қайрат Досымов, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Дәулет Қалдыгүл және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің сала маманы қатысты.


Мониторинг жұмыстары барысында мектеп асханасында ыстық тамақ дайындау барысында газ баллонды қолданылатындығы анықталды. Аталған газ баллонының қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы электр пешін алу жөнінде ұсыныс берілді. Сонымен қатар, білім алушыларға берілетін тағамның мөлшерінде айырмашылық байқалып, арнайы белгіленген ас мәзіріндегі айырмашылығына сәйкес еместігі анықталды. Білім беру ұйымдарындағы аспазшыларға тағам сынамаларын алу, ыдыстың тазалығы мен сынық ыдыстарды пайдаланбау, қауіпсіздік ережелері және күнделікті қолданатын залалсыздандыру ерітінділірінің нұсқаулыққа сәйкес дайындалуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: