Сыбайлас жемқорлық тамыр жайған қоғамның дамуы тежелетіні белгілі. Әділетсіздік белең алған жерде сенім әлсірейді, ал сенім жоғалған ортада тұрақты өркендеу де қиын. Сондықтан мемлекет үшін бұл құбылыспен күресу – тек заң талабы ғана емес, ел болашағы үшін қажет маңызды қадам
Әсіресе мемлекеттік қызмет саласында тазалық пен әділдік қағидаты айрықша маңызға ие. Өйткені мемлекеттік қызметші – халық пен биліктің арасын байланыстыратын тұлға. Сондықтан олардың қызметінде заңдылықты сақтау, халық мүддесіне адал қызмет ету, қызметтік мүмкіндікті жеке пайдаға жаратпау секілді талаптар қатаң сақталуы тиіс. Мемлекеттік қызметтің басты мақсаты – елге қызмет ету, қоғам сенімін ақтау.
Жемқорлық ұғымы тек пара беру немесе пара алумен ғана шектелмейді. Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, таныстық арқылы мәселе шешу, заңнан тыс артықшылық алу да осы түсініктің аясында қарастырылады. Сондықтан мұндай әрекеттерге жол бермеу – әр азаматтың азаматтық ұстанымына байланысты.
Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс. Егер қоғам мүшелері бұл мәселеге бейжай қарамай, адалдық пен әділдікті өмірлік қағидаға айналдырса, еліміздің де келешегі кемел болары анық. Өйткені сыбайлас жемқорлықпен күрес – бір мекеменің емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті.
Гүлнұр Қасымова, Аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!