Топ-баннер2

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 12 наурыз, 16:07

Кенеден сақтан

12.03.2026

7

0

Иксод кенелері қансорғыш жәндіктердің қатарына жатады. Көктем, жаз айларында өсіп-өнуі үшін ас белсенділік танытып, жануарларға сонымен қатар малдарға және адамдарға қан сору үшін шабуыл жасайды.

Адам денесіне білдірмей және ауыртпай терінің жұмсақ жеріне жабысып, қан сорады. Иксод кенесі көкала ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Кене ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштардың тұқымын сақтап, таратып отырады. Сондықтан адамдар жеке басын қорғамай кенені қолымен алып, езген жағдайда және қой қырқымы кезінде кененің қаны шашырап жұғуы мүмкін. Ауырған адам қатынастағыларға  қауіп төндіреді. Аурудың қоздырғышы арудың қанынында, ішкі ағзалардан қан кеткенде, құсықта, нәжісте болады. Көкала ауруының жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене ыстығы 39-40 гр. дейін көтеріледі. Басы, буындары сырқырап ауырады, көзі мен тамағы қызарып, тамаққа тәбеті болмайды. Аурудың 2-5ші күндері мұрнынан, асқазан, ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен теріні басып көргенде немесе шымшығанда қанталап, көгеріп қалады. Науқас адам дер кезінде дәрігерге көрінбесе ауру асқынып, өлім жағдайына алып баруы, сонымен қатар қасындағы адамдарға да жұқтырып, таратуы мүмкін.

Сондықтан, аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде немесе кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көріну керек.

Құрметті ағайын, кенеден сақ болыңыздар!                                                                   

               Кене шаққанын байқасаңыз:

-кененің басы теріге кірген жерінен  абайлап жіппен немесе қысқышпен (пинцет) шығарып алып отқа жағыңыз;

-шаққан жерді йод ерітіндісімен сүрту керек;

-қой қырқымы немесе малға күтім жасаған кезде, қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім киген жөн;

-мал қораны тазалаған кезде үстіңізді мұқият қарап жүріңіз;

-өрістен келген малдардан, мал қорадан кене көрсеңіз, оны қолғаппен алып, отқа жағыңыз;

-еш уақытта қолмен кенені езбеңіз

                Г.Айымбетова, Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: