Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Сенбі, 09 мамыр, 19:34

ЖЕҢІСКЕ – 81 ЖЫЛ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ШАРАСЫ ӨТТІ

09.05.2026

7

0

Бүгін 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай аудандағы «Ер есімі – ел есінде» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Тағзым шарасына аудан әкімі Ардақ Ибраимов, тыл және еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, Ауған соғысының ардагерлері, «Невада–Семей» антиядролық қозғалысына қатысушылар, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Жиналған қауым сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында Ұлы Жеңіс жолында құрбан болған батырлар бір минут үнсіздікпен еске алынып, Құран бағышталды.

Ресми мәліметке сәйкес, ауданнан Ұлы Отан соғысына 2316 азамат аттанған. Олардың 695-і елге аман оралса, 1621 жауынгер майдан даласында қаза тапқан. Ерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: