Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

36°C

, Сәрсенбі, 08 шiлде, 13:11

Жалағаш аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен баспасөз  конференциясы өтті

08.07.2026

9

0

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша Жалағаш аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен баспасөз  конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы О.И.Абдукаликов, жергілікті өңірлік «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі  К.Қайрақбаев қатысты. Шара барысында аудандық соттың   төрағасы О.И.Абдукаликов 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында  атқарылған жұмысы жайлы баяндады. Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 796  іс қаралып, аяқталған.Оның ішінде, азаматтық-527,  әкімшілік іс-2  қылмыстық-29, әкімшілік құқық бұзушылық -240.

Аяқталған 527 азаматтық істер бойынша, сот бұйрығы-92,  шешім-200, тоқтатылған іс саны-192, қараусыз қалдырылған-41, басқа соттың қарауына жолданғаны -1. Тоқтатылған азаматтық істерге қатысты медиация бойынша-192, оның ішінде сотқа дейінге хаттама негізінде – 145 іс. Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру)-307,  неке бұзу-26, автокөлік құралын басқару құқығынан айыру (тоқтата тұру) туралы талап арыздар-35, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар-20.

Қылмыстық істер бойынша (аяқталғаны-29), оның ішінде 4 іс өткен жылдан қалдыққа қалған.

Үкім шығару арқылы-11 іс, тоқтатылған-6, (медиация тәртібімен татуласқан-0), соттылығы бойынша жолданған-10, сотталған адам саны-14. Оларға тағайындалған жаза  түрлері, қоғамдық жұмысқа тарту-1,  бас бостандығын шектеу-6, бас бостандығынан айыру-6, айыппұл-0, шартты жаза тағайындалғандары-1.

Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ. Жеңіл санаттағы қылмыс-3, ауырлығы орташа қылмыс-4, ауыр қылмыс-17, теріс қылық санатындағы қылмыс-7.

Аяқталған  қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты бойынша, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы, мал ұрлығы-0 іс,   ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-6 іс, ҚР ҚК   108-1,109-1 баптарымен яғни, тән ауруына ұшырату немесе өзге де зорлық-зомбылық іс-әрекеттер-4 іс, есірткі затын заңсыз егу, тасымалдау санатында-5  іс. ҚК 190 бабы Алаяқтық-10, оның ішінде интернет алаяқтық-7

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: 240 іс түскен, 3 іс өткен жылдан қалдыққа қалған, аяқталғаны 243, 0- іс  келесі тоқсанған қалдық қалған, жаза тағайындалғаны-188, тоқтатылғаны-54, тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған-0. Жаза тағайындалғандары бойынша, айыппұл-106, ескерту-8, қамаққа алу-65, көлік құралын басқару құқығынан айыру-3, көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жаза ретінде -11   адамға қолданылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша  қоғамдық орынды ластау (темекі тұқылын тастау) -36 іс қаралған.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді.

Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: