Enpf-otbasy.kz платформасына тағы бір функция қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Онлайн – платформада көптен күткен өзгерістер енгізілді. Енді, арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдері түскеннен кейін де, немесе өтініміңізді қайта өңдеуге қайтарған болса да қаражатты қолдану мақсатын өзгерте аласыз», – делінген хабарламада.
Жеке кабинетте өтінімнің мақсаттын қалай өзгертуге болады?
enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріңіз ;
Мақсаттын өзгерту қажет өтінімді таңдаңыз;
ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ- пернесін басыңыз;
Ұсынылған тізімнен жаңа мақсатты таңдаңыз;
ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ – пернесін (қызыл батырма) басу арқылы әрекетті растаңыз;
Өтінішке қол қою арқылы өтінім мақсаттын өзгертуді аяқтаңыз.
Яғни, енді жаңа өтініш жасау және мақсатты өзгерту үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!