Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:03

Қоғам қауіпсіздігі басты назарда

29.07.2023

540

0

Аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында Жалағаш ауданының полиция бөлімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар және Қаракеткен ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мемлекеттік мекемелерде жылына кемінде 2 рет ішкі талдау жүргізу, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатына сай жұмсалу, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және мемлекеттік сатып алу жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сай жүргізілу қажеттігі тапсырылды.

Мұнан кейін Асқарбек Есжановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында жасөсіпірімдермен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу және пробация есебіндегі сотталғандармен құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы жұмыстар туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөліміне жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарды болдырмау және оның алдын алуға бағытталған профилактикалық және профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдермен жеке адрестік жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Жалағаш ауданының полиция бөлімі, Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі және Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі бірлесе отырып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген шаралар қабылдау, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы рейдтік жұмыстарды тұрақты ұйымдастыру қажеттігі ескертілді. Комиссия отырысында қозғалған екінші мәселе бойынша Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсетуде атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру тапсырылды. Жалағаш ауданының полиция бөлімімен, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, пробация қызметіндегі тұлғалардың қоғамға бейімделуіне, заң талаптарын сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен айналысуға, білім деңгейі мен мәдени деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдап, оларды еңбекке баулу және әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етуді тиімді түрде жүзеге асыру, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін белгіленетін жұмыс орындары квоталарының толық орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: