Құтыру ауруы адамдар мен жануарлар арасындакездесетін табиғи ошақтық аса қауіпті жұқпалыауру. Қоздырғышы вирус орталық жүйке жүйесінзақымдай отырып өлім жағдайына әкелетін аса қауіпті жұқпалы ауру .
Ауру қоздырғышының негізгі тасымалдаушы«көзі» қасқыр, түлкі, шибөрі, сілеусін, жабайымысық басқа да жабайы аңдар, жарқанат және үйжануарлары болып табылады.
Эпидемиологиясы: (Құтыру ауруы қалай жұғады ?)
Құтыру ауруының вирусы иесіз қаңғыбас ит, мысықтарға жабайы аңдармен таласқанда жұғады. Ал адамдарға ауру жануарлар тістегенде, тырнағандажәне сілекейлегенде жұғады. Жұғу көзі көп жағдайдаитттерден 60-70 пайызда жұғады.
Құтыру ауруының алдын алу шараларының ішіндегіең маңыздысы жануар тістегенде, тырнағанда, сілекейлегенде тез арада емханаға дәрігерлікқабылдауға барып, құтыруға қарсы вакцинамен ем қабылдау керек.
Құтырудың алдын алу шаралары:
Жарақаттанған жағдайда адамдар құтыруғақарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойыншамедициналық пункттерге медициналық көмеккеқаралуы керек. Тістеген жарақатты сабынды таза сумен жуып, жарақат айналасын йодпен залалсыздандырып, міндетті түрде антирабикалық егуалу тиіс. Әрбір жарақат алған адамды өлімнен алыпқалудың жалғыз әдісі – жүйелі түрде құтыруға қарсыекпе алу. Құтыруға қарсы егу алдында және егукурсының аяқталуынан кейін кем дегенде 6 ай бойынаалкоголь ішуге, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты суықтауға болмайды. Бұл ережелерді сақтамауиммунды жүйенің қызметін бұзады, бұл құтырудыңдамуына және өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Егердебелгілі жануардан жарақат алған болса жануарды мал дәрігеріне көрсету керек, мал дәрігері 10 күндікбақылаудан өткізіп, сау болса анықтама береді. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егутағайындалады. Ал егерде адамды жарақаттанғанжануар жоғалып кетсе, өліп қалса немесе өлтірілгенжағдайда 5 рет егу тағайындалады. Балалардыжануарлардан аулақ ұстап, дер кезінде мал дәрігеріншақыру керек. Адамды жарақаттанған жануардыөлтірмей қамап немесе байлап ұстау керек. Ит, мысық, мал асырайтын болсаңыз, мал дәрігеріне көрсетіп, кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріптұрыңыздар.
Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздіңқолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!!! Құтыруғақарсы екпе тегін егіледі.
Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!