Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Жұма, 08 мамыр, 15:47

Адам папилломавирустық инфекция, оның ерекшеліктері және алдын алу

08.05.2026

4

0

   Адам папилломаcы вирусы (АПВ) – бұл жыныс жолдарының ең жиі таралатын инфекциясы болып табылатын вирустардың өте кең таралған тобы. АПВ-ның

   300-ден астам генотипі белгіленген. Олардың кейбіреулері папилломаның, сүйелдердің,  кондиломалардың пайда болуына әкеледі, ал кейбіреулері онкогендік белсенділікке ие және обыр ауруларының дамуына ықпал етеді.

Папилломавирустық инфекцияның ең қауіпті көрінісі – қатерлі ісіктер, әсіресе жатыр мойны обыры, одан жыл сайын 270 мыңнан астам әйел қайтыс болады. Ерлерде АПВ жыныстық мүшенің обырына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ вирус ауыз қуысы, көмей, тік ішек обырының дамуына ықпал етуі мүмкін.

   Онкогендік тәуекел дәрежесі бойынша АПВ үш негізгі топқа бөлінеді:

  • онкогенді емес түрлер (АПВ 1, 2, 3, 5)
  • төмен онкогенді қауіп-қатер түрлері (негізінен 6, 11, 42, 43, 44)
  • жоғары онкогендік қауіп-қатер түрлер (АПВ 16, 18, 31, 33, 35, 39, 45, 51, 52 және т.б.).

   Олардың ішінде 16, 18, 31 және 45 түрлері ең қауіпті болып табылады.

   АПВ-ның ерекшелігі – жұқтырғаннан кейін көптеген жылдар бойы инфекция симптомсыз жүреді, ал теріде пайда болған түзілімдерге адам назар аудармай жүре береді. Ол ауру екенін және жұқтыру көзі екенін білмеуі де мүмкін. АПВ-ның тағы бір ерекшелігі – оған қарсы  иммунитет тұрақсыз, осыған бола адам өмір бойы бұл вирусты бірнеше рет жұқтыру мүмкін, сонымен қатар бір мезгілде бірнеше АПВ түрін жұқтыруға болады. Тағы бір қасиет – бұл қанға кірмейтін жалғыз вирус, сондықтан организмде температураның көтерілуі, қан талдауларындағы өзгерістер сияқты қабыну реакциялары туындамайды, бұл оған тіндерде болуға және тыныш көбеюге мүмкіндік береді.

   Папилломавирус инфекциясының алдын алу.

   Алдын алу шараларын ерекше емес және ерекше деп бөлуге болады. Бірінші кезекте – бұл иммунитетті нығайту, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене белсенділігін арттыру. Дені сау және күшті иммундық жүйе инфекциямен өз бетінше күресе алады, бірақ иммунитет өмір бойы қалыптаспайды, сондықтан бұл инфекцияны қайта жұқтыру мүмкін. Осыған байланысты балалар мен жасөспiрiмдер арасында жыныстық тәрбие жөнiнде ақпараттық жұмыс жүргiзу өте маңызды. Ересек және сауатты адамдар бола отырып, олар инфекциялардан қорғалатын және болашақта өз балаларын дұрыс тәрбиелейтін болады.

   Адам папиллома вирустан қорғану жолдар:

  • Жеке гигиенаны сақтау, әсіресе – көпшілік пайдаланатын орындарда;
  • Бір дені сау жыныстық серіктес болу, ретсіз жыныстық қатынастардан аулақ болу, презервативтерді пайдалану;
  • Жыл сайын профилактика мақсатында дәрігерлердің (гинеколог, уролог, дерматолог) скринингтері мен тексерулерінен өту;
  • Дұрыс тамақтану, рационда А, С дәрумендері, фолий қышқылы, b-каротин болуы тиіс;
  • Зиянды әдеттерден бас тарту, өзінің дене пішінін нығайту;
  • Вирустың тері зақымданған жерден сау жерге ауысуы мүмкін екенін есте сақтап (қырыну, шаш алу кезінде) сақтық шараларын пайдалану.

АПВ-нің алдын алудың ең тиімді және қауіпсіз шарасы ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады.

   Егу өзіне тән иммунитетті қалыптастырады және генитальды сүйел мен қатерлі ісіктерді тудыратын түрлерді жұқтырудан қорғайды. АПВ-ға қарсы вакциналардың қауіпсіздігі дәлелденген, олар әлемнің 135 елінде, оның ішінде Қазақстанда да қолданылады. Жалпыға бірдей танылған 3 вакцина қолданылады: ең қатерлі 16 және 18 типті вирустан  қорғайтын екі валентті (Cervarix, GlaxoSmithKline), төрт валентті (Гардасил, Merck) және тоғыз валентті (Гардасил 9, Merck) вакциналар.

Вакцинация жатыр мойны обырынан өлім-жітімнің 95%-ын алдын алады

Г.Айымбетова – басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: