Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жексенбі, 03 мамыр, 10:19

КЕНТ ЖӘНЕ МАҚПАЛКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

03.05.2026

1

0

Бүгін Жалағаш кенті мен Мақпалкөл ауылдық округі тұрғындары үшін маңызды саяси науқан – әкімдер сайлауы өтуде.

Аталған аумақтардағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың және сенім білдірген адамдардың қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай салтанатты түрде ашылып, өз жұмысын бастады.

Маңызды саяси науқан аясында сайлау учаскелеріне алғашқы болып келіп, өз таңдауларын жасаған дауыс берушілерге естелік сыйлықтар табысталуда.

Айта кетейік, сайлаушылардың дауыс беруі кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: