Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жексенбі, 28 маусым, 00:03

Қазақстандық спортшы дзюдодан Тәжікстандағы «Үлкен дулыға» турнирінде қола алды

02.05.2026

85

0

1 мамырда Тәжікстанның Душанбе қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі басталды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Sports.kz спорттық порталының хабарлауынша, бірінші күні Қазақстан құрамасының бір өкілі финалдық кезеңге шықты.

Атап айтқанда, ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Нұрәділ Әлжан жүлдеге таласты. Шешуші кезеңде қазақстандық спортшы Ресей өкілі Ачыты Домбуды жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге ірі халықаралық турнирде бір жүлде түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: