Конституция

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жұма, 03 шiлде, 18:26

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨРТ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ САНЫ ТӨМЕНДЕДІ

03.07.2026

7

0

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 242 өрт оқиғасы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, өңірде өрттің алдын алу және орман алқаптарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

-Мемлекеттік орман қоры аумағында тіркелген барлық өрттер дер кезінде анықталып, орман шаруашылықтары мен ТЖД күштерімен жедел сөндірілген. Сондай-ақ, өрттің алдын алу мақсатында 17 мобильді топ құрылып, бүгінгі күнге дейін 50-ден астам рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, шаруа қожалықтары мен егін алқаптарында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, орман алқаптарына өрттің таралуына жол бермеу мақсатында биыл 6 461 шақырым минералды жолақ жасау жоспарланған. Қазіргі таңда оның 4 167 шақырымы орындалды. Сонымен қатар, облыс аумағында тұрғындардың қураған шөптерді, жапырақтарды және тұрмыстық қалдықтарды өртеу фактілері әлі де кездесуде. Мұндай әрекеттер өрттің тез таралуына, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарына қауіп төндіріп, елеулі материалдық шығындарға әкелуі мүмкін.Осыған байланысты облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, қураған шөптер мен тұрмыстық қалдықтарды өртемеуге шақырамыз.Еске сала кетейін, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабында, ал қоқысты белгіленбеген орындарда өртегені үшін 336-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.Өрт қауіпсіздігін сақтау-әр азаматтың ортақ міндеті. Төтенше жағдайлардың алдын алу-баршамыздың жауапкершілігіміз ,- деді Бейбітхан Оразайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: