Конституция

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сәрсенбі, 01 шiлде, 16:23

Қауіпті  паразитарлық аурулардың тасымалдағыштарынан қорғану жолдары

01.07.2026

6

0

     Көктем келіп, күн жылынған кезден бастап, көптеген қауіпті паразитарлық аурулар жандана түседі.Сыр елі ежелден бері ауа райының қолайлылығына байланысты бірнеше қауіпті паразитарлық аурулардың табиғи ошағы болып табылады.Қауіпті паразитарлық аурулардың біздің өңірде кездесетін түрлері: безгек және лейшманиоз аурулары.

         Безгек (Malaria-безгек) ауруы –бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып,аласұрғызады.Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер,маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шағып,оның қанына безгек инфекциясын түсіреді,бірнеше мәрте қайталанатын ауру түрі.

      Безгек-Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын,трансмиссивті механизммен берілетін,адам организімінде эротрициттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен,        гепатоспленомегалиямен, анемиямен өтетін антропанозды инфекция. Таратушы  Anopheles тобына жататын масалар.Клиникасында ұстамалы қызба,гипохромды анемия,талақ пен бауырдың өсуі болады.

      Инфекция көзі: ауру адам, тасымалдаушы  және  Anopheles тұқымдас масалары.Инфекцияландыру уақыты:

      тропикалық безгекте-бір жылға дейін;

      3 күндік және овале безгекте -1-2 жыл

      4 күндік безгекте-көп жылдар (10жылдан аса)

      Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады.Барлық алдын алу шаралары іске асырылуы тиіс:

   1.Өзіңізді шыбын-шіркей,масадан аулақ ұстаңыз.Олар жоқ жерге немесе масаханада ұйықтаңыз.Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек.

   2.Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз.Сіз емделіп,сауыққаннан кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды.

  3.Осы ауруды емдейтін мекемелермен,олардың өкілдері сіздің аулыңызға келген кезде,ынтымақтасып жұмыс істеңіз.Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе,оларға бұл жөнінде хабарласып,айтыңыз және олардан қан алып,анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.

 4.Шіркейлерді және оның ұрықтарын құртыңыз.Шіркейлер лас суда тез көбейеді.Тоғандарды,шұңқырларды,лас су жиналып қалатын ескі банка немесе құтыларды тазартыңыз.Шіркейлер көбеюі мүмкін барлық су тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен толтырыңыз.

   5.Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдырмауға болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады.

   Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар:

  -Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу.

  -Химиапрофилактика және этиотропты препараттар:безгек ұстамасының тоқтауына тасымалдаушылық қалыптасуына қарсы.

         Лейшманиоз ауруы. Адамдар арасында лейшманиоздың 2 түрі кездеседі:

  1.Зоонозды тері лейшманиозы.

  2.Висцералды лейшманоиз

  Висцералды лейшманоиз ауруының табиғи резервуары –ит,қасқыр,шибөрі;

  ал  таратушысы-москит. Жұғу жолдары:ауырған иттердің қанын сорған москит адамды шаққанда сілекей безі арқылы адам қанына тарап,ауруға шалдықтырады. Бұл аталған аурумен ересектерден гөрі балалар жиі ауырады.

  Висцералды лейшманоиз ауруымен ауырған иттің жүні түседі,көбінесе жата береді,тамаққа зауқы жоқ,көз айналасындағы жүні түсіп,тықырланып «көзілдіріктің ізі» қалғандай көрініс байқалады.Инкубациялық мерзімі:

ұзақтығы бірнеше аптадан 6-8 айға жетеді.

  Клиникасы-ауру белгілері: сырқаттану барысында бауыр мен талақтың көлемінің үлкейуі,әлсіздік пайда болуы,бас ауруы және дене қызуы жүйесіз түрде көтеріледі(39о-40 оС).Сүйек кемігінің зақымдануына байланысты қан аздығы -анемияға әкеп соқтырады.Қан анализінде лейкоциттердің,        гаммаглобулиннің азаюы байқалады .

   Профилактикалық шаралар:

1.Емдеу мекемелерінің санитарлық тазалығын сақтау.

2.Адамдардың жеке басын москитткерден қорғауы.

3.ВЛ-дың табиғи резервуарлармен(иттер,қасқырлар,шакалдар) күрес жүргізу.

4.ВЛ тіркелген табиғи ошақтарда москиттерге қарсы шаралар жүргізу.

  «Сақтансаң сақтармын» деген халық даналығын негізге ала отырып,қай аурудың да қауіпті екенін естен шығармағанымыз жөн.Жоғарыдағы атылған аурулардың белгілеріне күдіктенген жағдайда создырмай дәрігерге қаралу қажет.

М.Ажарбаева.              ҚР  ДСМ  СЭБК  «ҰСО »  ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша                                         филиалының Жалағаш  аудандық бөлімшесінің санэпид қызмет маманы        

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: