Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Жұма, 03 мамыр, 08:51

Жалағашта XI аудандық ардагерлер спартакиадасы басталды

28.08.2023

202

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов аудандық ардагерлер спартакиадасының ашылу салтанатына қатысты.

«Саламатты өмір салтын сақтауда жас буынға үлгі болып, өз саласының үздігі атанған кешегі білікті мамандар бүгінде қоғамның белсенді ардагері атандыңыздар. Қазіргі таңда ауданымызда 4000-ға жуық ардагер бар. Елді бірлікке шақыруда татулықты, достықты, өткен тарих пен келешектің маңызын ұрпақ бойына сіңдіріп, кiшіпейілдікпен ұлы жолдың қалыптасуына өз үлестерін қосуда сіздердің орындарыңыз ерекше. Бүгінгі спартакиада осындай игі істердің дәлелі. Бүгінгі жарыста үздіктер топ жарсын. Баршаңызға сәттілік!» деді аудан әкім.

Дүбірлі доданы өткізудегі басты мақсат – аудан ардагерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ардагерлер арасында спортының дамуына ықпал жасау болып табылады.

Жарыстың маңызына тоқталған аудан ардагерлерінің төрағасы Садық Әлиев алғашқыда 60 адамға жуық қатысушымен басталған бұл спорттық бәсеке бүгінде маңызға ие болып қатысушылар саны 200 ардагерге дейін жеткенін айтты.

Xl ардагерлер спартакиадасына 7 спорт түрінен денсаулық саласы, кент және ауылдық округтерден 16 ардагерлер командасы қатысуда.

371024487_1764645750654162_3536530152470450875_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: