Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 03:52

30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

30.01.2021

333

0

Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне жоғары ауа қысым әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

ҚР батыс аудандарына солтүстік-батыс циклонының жырасы әсер ететін болғандықтан бұл аймақта жауын, қар жауып, көктайғақ болады. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, желдің күші секундына 16 метрге жетеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен еседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: