Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 02:05

АЭС: Энергетикалық қауіпсіздікке бетбұрыс немесе экологиялық тәуекел

17.09.2024

209

0

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Жалағаш аудандық Халықтық штабының төрағасы Елеусінов Өмірзақ және штаб мүшелері Шілдебаев Бейбітжан, Ахметжамиев Асхат және Әбдісаттарұлы Жангелді «Қаракеткен ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен АЭС туралы кездесу өткізді.
Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Мәселен, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынады. Атом электр стансасының құрылысы жергілікті бюджетке түсетін салықты арттыруға серпін беріп, ұзақ уақыт бойы электр энергиясының тұрақты бағасын қалыптастыруға ықпал етеді. Атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді.
Қазақстанда электр қуатының тапшылығы қазірдің өзінде, әсіресе еліміздің оңтүстігінде сезіле бастады. Алдағы бірнеше жылда жағдай нашарлауы мүмкін және энергия тұтынудың артуына байланысты, сондай-ақ генерациялаушы қуаттардың жоғары тозуына байланысты тапшылық облыстар мен ірі қалаларда тұрақты электр қуатының өшірілуіне әкелуі мүмкін. Бұл мәселелердің бірден-бір шешімі елімізде АЭС салу. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық – деді аудандық Халықтық штаб төрағасы Елеусінов Өмірзақ.


Қазақстанда атом электр станциясын салу керек деп бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Соңғы жылдары елде электр энергиясын тұтыну айтарлықтай өсіп, экологияның нашарлауына байланысты осы тақырыпта пікірталас күшейе түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін жалпыұлттық референдум өткізуді тапсырды. Бұл жобаның ел үшін стратегиялық маңызы бар, Қазақстанның тәуелсіздігін қолдайтын және өзінің энергетикалық ресурстарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін сенімді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету – деді Бейбітжан Шілдебаев.

АЭСүшін

АЭСтаңдаймыз

АЭСРеферендум

Референдум2024

ХалықтықШтаб

АЭСбізге

БізгеАЭСкерек

ҚазақстанғаҚуатБер

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: