Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 06:49

Қазгидромет 2021 жылдың ең суық айын атады

25.01.2021

339

0

Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше рет күн суытады. Айдың екінші жартысында ауа температурасы едәуір төмендейді
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 2021 жылдың қаңтар айына консультативтік болжам жасады.
2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен болады.
«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр», – деп хабарлады Қазгидромет.Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше рет күн суытады. Қаңтардың екінші жартысында ауа температурасы едәуір төмендейді:

  • солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін;
  • республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.

Жылдың ең суық айы

Қаңтар – жыл iшiндегi ең суық ай, деп атап өтті синоптиктер. Ұзақ мерзімді мәліметтерге сәйкес, Сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралуы кезінде абсолюттік минималды температура -48-54 °C дейін, ал оңтүстік облыстарда -30-43 °C дейін  төмендеуі мүмкін.  
Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Қаңтарда республика бойынша жауын-шашын мөлшерiнің бөлінуі бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек, 40-82 мм аралығында жауады.   
sputnik.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: