Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 04:37

№128 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

19.03.2023

298

0

ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқаны басталды. Редакцияның және ақпараттық агенттік тілшілері қазіргі таңда сайлау учаскелерінен жедел ақпарат таратуда.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №128 сайлау учаскесіне азанымен өз таңдауын жасауға асыққан жалағаштық сайлаушылардың белсенділігі анық байқалады. Мемлекеттік әнұран шырқалған бойда сайлаушылар дауыс беруді бастап кетті.

Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Еркебұлан Жамалатовтың сөзіне сүйенсек, мұнда барлығы 1637 сайлаушы бар. Саяси науқанда таңғы 7.00-ден бастап сайлаушылар белсенді. Түске таман келушілердің қатары артпаса, бәсеңдемейтіні анық.

Айта кетейік, №128 сайлау учаскесінде бірінші болып кент тұрғыны Нұрлан Мұқашов өз таңдауын жасады.  Төраға Еркебұлан Сырмағамбетұлы алғашқы сайлаушыға бағалы сыйлығын табыстады. Сондай-ақ өз таңдауын жасауға келген халыққа үлестіретін сыйлығы мұнымен шектелмейтінін де жасырмады.       

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: