Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның батысына, солтүстік-батысына, орталығына ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жаяу бұрқасын, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!