Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 29 наурыз, 19:51

11 қараша – Халықаралық энергияны үнемдеу күні

11.11.2022

505

0

 11 қараша – Халықаралық энергияны үнемдеу күні. Бүгінде энергияны шекті мөлшерде тұтыну – экономикалық тиімділікке оң әсерін тигізеді. Осыған орай, облыста энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша 2022 жылға арналған жол картасы бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Мұстафаев мәлімдеді.

«Биыл облыста көше жарықтандыру шамдарын ауыстыру мақсатында 4 жоба қарастырылған болатын. Қазіргі уақытта 2 жоба толық аяқталып, 614 энергия үнемдегіш шам орнатылды. Сонымен қатар, осы жылы 15 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Ал Жаңақорған кентінің электр желілерін қайта жаңғыту үшін арнайы қаржы бөлініп, қуаттылығы 10/0,4 кв болатын электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда, басқарма тарапынан «Алматы проект энерго строй» ЖШС-мен Шиелі кентіндегі электр станциясын қайта жандандыру туралы жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», -деді басқарма басшысының орынбасары Қайсар Мұстафаев.

«Біздің мекеменің басты міндеті – облыс тұрғындарын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады. 2020 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша аудит жүргізілген болатын. Осыған сәйкес, 2026 жылға дейін арнайы жоспар бекітілді. Бүгінде «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы 11,95 кабелдік желілерінің 90 пайызы жөндеуден өтсе, мекемеге соңғы заманауи вакумдік ажыратқыштар орнатылды», – деді Қызылорда электр тарату тораптары АҚ-ның Даму жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Нұржан Күздібаев.

315305418_1663593170702855_4899543065446039261_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: