Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Жұма, 19 сәуiр, 00:52

16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2022

271

0

16 қарашада Шымкентте және Қазақстанның алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 16 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, қар ұшқындайды деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан секундына 25 метрге дейін жылдамдықпен жел соғады.

Ұлытау облысында да қар ұшқындап, боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі.

16 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

16 қарашада таңертең және түстен кейін Түркістан облысының таулы ауданы мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі деп күтіледі.

Шымкентте 16 қарашада таңертең және түстен кейін қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, екпінді жел тұрады деп күтіледі.

16 қарашада түнде Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде, күндіз өңірдің оңтүстігінде боран соғып, қар ұшқындайды деп болжанады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: