Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 29 наурыз, 02:43

Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады

26.10.2022

317

0

Қазақстандық әйелдер 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутаттар «Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына әлеуметтік блокқа қатысты түзетулер енгізді. Олар зейнет жасы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты.

«Әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі. Сонымен қатар ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-ке дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120%-ке дейін дәйекті түрде жеткізу көзделіп отыр», – деді мәжіліс депутаты Жәмила Нұрманбетова.

Бұдан бөлек, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегі 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ заң жобасында бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайту нормасы қарастырылған.

Мәжіліс құжатты екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жолдады.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленетінін мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: