Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 19 сәуiр, 09:20

Аудан әкімі А.Есжановтың аудан халқын Республика күні мерекесімен құттықтауы.

25.10.2022

876

0

Құрметті аудан тұрғындары!

​Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

​Айтулы мерекенің араға ондаған жылдарды салып, қайта оралуын халық жақсылықтың нышаны ретінде қабылдайды.

​25 қазан – қазақ халқы үшін тарихи күн. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болды. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын бұл күн қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Бұл күн ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн.

Бүгінде әлемнің алпауыт елдері мойындаған Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңі өте күрделі. Ұлан байтақ алқапты алып жатқан қазақ даласы аса ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлар жүріп өткен жолы, бұралаң соқпақтары – табиғат тағдырдың қазақ халқына берген сынақтары іспетті.

​Осындай сынақтардан қазақ халқы сүрінбей, тізесі бүгілмей, еңсесін биік ұстап, аман-есен өтті. Тағдырдың бұл сынақтары қазақ халқын ширатты, шыңдады. Рухы биік, өр халық намысын ешкімге таптатпады. Ғасырлар бойы дербес, тәуелсіз мемлекет болуды аңсаған ата-бабаларымыздың арманы 1991 жылы орындалды. Әлем тарихында тұңғыш тәуелсіз Қазақстан Республикасы пайда болды.

Дәуіріміздің шежірелі жылдарында үлкен жетістіктерге жеткізген ұлы күш – елдің бекем бірлігі. Баянды болашаққа бет алған тәуелсіз Қазақстан Республикасы – ортақ жетістігіміз, ортақ мақтанышымыз!

Республика күні мерекесі құтты болсын!

Баршаңыздың отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық, береке мен бірлік тілеймін!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: