Сот отырысының хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Сот процесінде қатысушылардың айтқан сөздерін хаттамаға түсіріп қана отыратын сияқты. Алайда, сот процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, іс бойынша өзіндік айғақ саналатын сот құжаттарының, сот отырысы хаттамасы дұрыс, нақты, сауатты толтырылуы осы хатшыға байланысты.
Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Хатшы, сонымен қатар, тараптардың сот оытырысына келуін қамтамасыз етіп, азаматтық істерді рәсімдеп, сот атілері мен басқа да құжаттарды іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес жүргізеді. Соттың жұмысы мен беделі көп ретте сот отырысы хатшысының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне, жауапкершілігіне, біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты. Маман азаматтармен сыпайы сөйлесіп, шағым тудырмас үшін азаматтардың сауалдарына уақытылы жауап беріп отыруы тиіс.
Әрине, сот отырысында әртүрлі істер қаралады. Заңның да әр түрлі баптары қолданылады. Азаматтық және қылмыстық істер, даулар сотта қаралып, соңғы түйін осында шығарылып жатады. Міне, осының барлығын көзімен көре жүріп, мол тәжірибеден өтіпі, білімін жетілдіреді.Соңында өз мамандығын жетік біліп шығады. Себебі, бұған бұл салада жүргізілген реформалар өзінің оң нәтижесін беруде.
Мемлекет қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері ішінара өзгеріп отырады. Атап айтқанда, сот отырысының хатшысы Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі маңызды буын болып табылады. Ауыртпалыққа қарамастан, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне мұқият, атқарушы және жауапкершілікпен қарауы керек. Соттың жұмысы мен имиджі сот отырысы хатшысының дұрыс ұйымдастырылған жұмысына, оның жауапкершілгіне, сауаттылығына байланысты.
Жалағаш аудандық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы Ғ.Б.Сахи
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!