Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 21:15

Өрт сөндіру-құтқару спортық турнирі өз мәресіне жетті

14.10.2022

259

0

Өрт сөндіру-құтқару спорты турнирінің соңғы күні қатысушылар «Жауынгерлік қанат жаю» кезеңі бойынша сынға түсті. Кезең шартына сәйкес команда қатысушылары старт берілгеннен кейін мотопомпа мен өрт-техникалық жарақ орналасқан қалқан алаңына жүгіріп келеді. Өзара бірлесіп магистральды желіні мотопомпамен, тармақпен біріктіріп, әрбірінде бір түтікқұбыры бар екі жұмыс желісін жаяды. Оқпаншылар позицияға тұрады, осы мезетте сорғыш түтікқұбыр су алу торы мен мотопомпаға қосылады. Одан әрі жабдық іске қосылып, резервуардан су алынады. Түтікқұбыр бойымен берілген су екі нысананы көздейді. Екі нысанада да жарықшамдар жанғанда ғана жаттығу орындалған болып есептеледі. Бұл жарысқа барлық команда тыңғылықты дайындықпен келгені байқалды.    

 
Бүгінгі шарада командаларға жанкүйер ретінде  қала тұрғындары да өрт сөндіру бөлім ауласына жиналды. Қызықты әрі тартысты өткен кәсіби спорттың бұл кезеңінде 1 орынды №5 өрт сөндіру бөлімі, 2 орынды Жаңақорған ауданының №14 өрт сөндіру бөлімі жеңіп алса, 3 орын №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне бұйырды. Екі күн бойы команданың ұжымдық бірлігі мен кәсіби біліктілігі, ептілік пен шапшаңдығы сынға түскен Өрт сөндіру-құтқару спортында жалпы командалық есеппен жүлделі 1 орынға №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 2 орынға №5  өрт сөндіру бөлімі мен 3 орынға Жаңақорған ауданының №14 өрт сөндіру бөлімі лайық деп танылды. 


Осылайша қарсыластарын щаң қаптырған шын жүйріктерге демеушілік танытқан «Тұлпар и К» ЖШС-нің директоры Ғ.Төрешовтың қаржылай сыйлығын Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә.Баякеев жеңімпаздарға арнайы Кубокпен бірге табыстады.
 

WhatsApp Image 2022-10-14 at 18.46.05 (1).jpeg
WhatsApp Image 2022-10-14 at 18.46.05 (2).jpeg
WhatsApp Image 2022-10-14 at 18.46.04.jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: