Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Жұма, 26 сәуiр, 07:29

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

22.11.2022

261

0

Биыл 10 айдың қорытындысымен кент, ауылдық округтердің жылға арналған қаржыландыру жоспраларына қайта есептеу жүргізілген. Нәтижесінде кірістер болжамының орындалмау қаупі туындауынан жеке тұлғалардың көлік салығы 5 млн 247 мың теңгеге қысқартылыпты. Мұндай жағдайда сәйкесінше шығыстары да қысқартылады. Сондай-ақ аудан бюджетінің жергілікті кірістер болжамының орындалмауына байланысты кент, ауылдық округтердің субвенциясы 16 млн 037 мың теңгеге қысқартылады. Ал аудан бюджетінен кент, ауылдық округтерге бөлінген трансферттерден 240 мың теңге қысқартылады екен. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 27 сессиясында аудандық экономика және бөджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова осылай деді.

Халық қалаулылары бас қосқан жиында қос мәселе қаралғанымен негізгісі осы болды. Жиында Жұпар Хамитқызы алдымен 2022-2024 жылдарға арналған кент пен ауылдық округтер бюджеті туралы жергілікті мәслихаттың өткен жылдың аяғында шығарған шешімдеріне өзгеріс енгізу қажеттігін халық қалаулыларының қаперіне салды.
Баяндамашының сөзінше, кент, ауыл­дық округтердің бюджеттерін нақ­ты­лауға бірқатар бюджеттік бағдарлама әкім­шілерінен 12 млн 370,1 мың теңге қысқартылып, сәйкесінше бюджеттік бағ­дарламаларға қайта бағыттау көзделген. Бағытталатын қаржыларға келсек, кент әкімі аппаратының ағымдағы шығын­дарына 3 млн 854 мың теңге, оның ішінде 1 млн 573 мың теңге ішкі саясат бөлімінің үш қарауыл штат бірлігі кент әкімі аппаратына ауыстырылуына байлнынысты еңбекақы мен төлемдеріне бағытталады. Ал тиіс­ті қаражаттың жылу маусымында сұйык отын алуға 1 млн 850 мың теңгесі қа­ралады. Сондай-ақ мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсетуге арналған бюджеттік бағдарлама аясында олардың еңбекақы мен төлемдеріне 280 мың теңге қарау көзделген.
Ауылдық округтерге келсек, Аққұм ауылдық округі бойынша аппараттың ағым­дағы шығындарына 400 мың теңге бағыт­талады. Ал Аламесек ауылдық округі бойынша аппарттың ағымдағы шығыс­тарына 1005,1 мың теңге қайта бағытталады.
Аудан іргесіндегі Ақсу ауылдық округі бойынша да аппарттың ағымдағы шы­ғыс­тарына 984 мың теңге қайта бағыттау көзделуде. Оның тиісті бөлігі, яғни 213 мың теңгесі «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағ­дарламасына бағытталса, қалғаны ау­ылдық клубқа қосымша штат бірліктің ең­бе­кақы мен төлемдеріне негізделеді.
Бұқарбай батыр ауылдық округі бо­йынша аппарттың ағымдағы шығыс­та­рына 564 мың теңге қаралса, Жаңа­да­рия ауылдық округінде аппарттың ағым­­дағы шығыстарына 466,9 мың теңге қай­та бағыттау көзделген. Ал Қаракеткен ауыл­дық округі бойынша «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасына 130 мың теңге қайта бағыттау қажет екен.
Бөлім басшысы мұнан бөлек М.Шә­ме­нов ауылдық округі бойынша ап­па­­рат­тың ағымдағы шығыстарына 935 мың теңге, Мәдениет ауылдық окру­гі бо­йынша 153 мың теңге, Еңбек ауыл­дық округі бойынша «Елді мекен­дер­дегі көшелерді жарықтандыру» бюд­жет­тік бағдарламасына 900 мың теңге, Мақпалкөл ауылдық округі бо­йын­ша «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеу­­меттiк көмек көрсету» бюджеттік бағ­дар­­ламасына 250 мың теңге, «Елді ме­кендердегі көшелерді жарықтандыру» бюд­жеттік бағдарламасына 163 мың теңге, Мырзабай ахун ауылдық округі бойынша аппараттың ағымдағы шығындарына 498 мың теңге, «Елді мекендердегі көше­лерді жарықтандыру» бюджеттік бағ­дар­ламасына 34 мың теңге, Таң ауылдық округі бойынша аппараттың ағымдағы шы­­ғыстарына 431,1 мың теңге қайта ба­ғыт­тау көзделіпті.
10 айдың қорытындысын саралап, алдағы уақытта кент және ауылдық округ­тер бойынша аппараттың ағымдағы шы­ғыстарына қайта бағытталатын қара­жат­тарды кеңінен тарқатқан Жұпар Ха­митқызы халық қалаулыларының да бір­қатар сауалына жауап берді. Сондай-ақ оның сессияның күн тәртібінде көтер­ген мәселесі депутаттар тарапынан бір­ауыздан қолдау тапты.
Сессия отырысында мұнан кейін жергілікті мәслихат депутаттары «Жала­ғаш ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құра­мын бекіту туралы» Жалағаш аудан­дық мәслихатының 2018 жылғы 28 нау­рыз­дағы №22-6 шешіміне өзгеріс енгізу жайын талқылады. Шешімге енгізілетін өзгеріс жайында хабарлаған аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқтық жұ­мыс­тар бөлімінің басшысы Ғалым Жа­на­шевтың да ұсынысы депутаттар та­ра­пынан қолдауға ие болды. Сессия отырысында Ғалым Жанашев тағы бір мә­селені халық қалаулыларының ал­дында ортаға салған болатын. Оның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәсли­­хатының 2018 жылғы 28 наурыздағы №22-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсынысы да қолдау тапты.
Басқосуда соңғы қаралған мәселе «Жалағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту болды. Бұл туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Сарбалаев баян­дады. Депутаттар аппарат басшы­сы­ның да бұл ұсынысын бірауыздан қол­дады.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: