Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет кезекті жеке қабылдау өткізді. Барлығы 11 тұрғынның талап-тілегін тыңдап, мәселелеріне жауап берді.
Келушілердің басым бөлігі жұмысқа орналасу бойынша мәселені көтеріп, сауалдарын қойды.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді. Ережеге сәйкес, бос орындарға толық жүктеме қалыптасқан жағдайда, ұстаздар ашық конкурстық іріктеу арқылы қабылданады. Бос лауазымға конкурс ресми интернет-рессурстарда және облыстық білім басқармасының, қала, аудан бөлімдерінің әлеуметтік желілерінде хабарланады. Бұл ең біріншіден, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа тәртіппен осы уақытқа дейін 148 маман жұмысқа алынды. Басқарма басшысы жаңа ережеге егжейлі-тегжейлі тоқталып, тиісті түсіндірме жүргізді.
Бұдан бөлек, Мейрамбек Шермағанбет қабылдауға келген азаматтардың білім саласы бойынша мемлекеттік қызметке орналасу және колледждерде оқып жатқан студенттердің оқу ақысына байланысты мәселелерін тыңдап, тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді.
Айта кетейік, басқарма басшының жеке қабылдауы ар аптаның бейсенбі күні, сағат 16:00-ден 18:00 аралығында өткізіледі.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!