Баршамызға белгілі ағымдағы жылдың 20 қараша күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді. Аталған сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл жеңіс – бүкіл Қазақ жұртының әділетті мемлекет құру жолындағы жеңісі деп есептеймін.
Сайлау барысында Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын насихаттап, түрлі сала өкілдері, ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында ұсыныстар жинақталды. Бұл өз кезегінде Жалағаш жұртының болашаққа бей-жай қарамауы деп түсінемін. Оның дәлелі сайлауға бару, өз таңдауларын жасау бойынша аудан облыста, облыс республикада алдыңғы қатарлардан көрінді.
Құрметті жерлестер! Баршаңызды елдік пен егемендік жолындағы ортақ мақсаттар мен міндеттерге бірігіп, халықтың сенімін ақтау үшін бәріміз Президент жүргізетін барлық реформаларды қолдап, атсалысуымыз қажет деп санаймын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қайрат ДОСЫМОВ
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!