Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 26 сәуiр, 18:36

Қарағанды ​​облысында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

17.11.2022

250

0

Қарағанды ​​облысы Қарабас учаскесінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылдың 17 қарашасында Қарағанды облысының Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас – ОП аралығында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға 06 сағат 15 минутта орын алған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген ҚТЖ хабарламасында.

Бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жеке меншікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған.

ҚТЖ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: