Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 12:20

Қызылорда облысында 20-дан астам балмұздақтың түрі өндіріледі

21.10.2022

420

0

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Танкаман» серіктестігінің балмұздақ цехы іске қосылып, «Auylym» сауда маркасымен 100 пайыз экологиялық таза балмұздақ өндіруде.

Кәсіпорынның өндірістік процесі қазіргі заман талабына сай Италияның озық технологиясымен жабдықталған. Кәсіпорындағы қызметкерлер аталған жабдықтарда жұмыс жасауы үшін арнайы оқытудан өткізілді.

Балмұздақ өндіруге қажетті негізгі шикізат – сүт кәсіпорынның жем-шөп базасымен қамтылған жеке фермасынан өндіріледі. Кәсіпорын қазіргі кезде жиырмадан астам балмұздақ түрін өндіруде. Оның ішінде классикалық нұсқадағы – пломбир және кілегейлі балмұздақтар, сонымен қатар экзотикалық дәмдегі – манго, ананас, киви, құлпынай, қауын, орео, кофе, пісте және тағы басқа түрлері өндірілуде. Өндірілетін өнімнің сапасын үнемі бақылау үшін цех зертханамен қамтылған.

Қазіргі кезде кәсіпорын өнімі Қызылорда қаласы және аудандарға тасымалдауда. Алдағы уақытта, өңіраралық кооперация аясында көршілес өңірлерді де сапалы өніммен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: