Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 20:42

Қызылорда қаласында мектеп құрылысы қарқын алмақ

03.02.2023

271

0

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов білім саласында 2022 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Бүгінде білім бөліміне қарасты 55 мектепте 68 268 бала білім алуда. Онда 7 336 мұғалім дәріс береді. 2021-2022 оқу жылында 2480 оқушы бітіріп, оның ішінде 1259 мектеп бітіруші грант иегері атанды.
Қазіргі таңда қалалық білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру ошақтарында 5 766 бала заманауи техникалық үйірмелермен қамтылып, республикалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар, мектеп жанындағы спорттық секциялар, үйірмелер, аула клубтары жұмысы да жүйелі жолға қойылған. Қазіргі таңда мектептер жанынан 640 спорт секциялары жұмыс жасап, оған барлығы 17 325 бала, ал мектептердегі 521 үйірмеге барлығы 14 372 оқушы қамтылды.
Бұдан бөлек, өткен жылы №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Айнакөл ауылындағы №175 орта мектеп ішінде орналасқан автономды бу қазандығын сыртқа шығарылды. Сондай-ақ, №261 мектеп пен «Күнекей» балабақшасы ғимараты көгілдір отынға қосылды. Бұл жұмыстардың жалғасы ретінде үстіміздегі жылы 4 мектепке, яғни №15, №212, №211, 222 мектептеріне толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
– Биыл Қызылорда қаласында мектеп құрылысы қарқын алмақ. Яғни, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс орталығынан заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарланған. Оның бесеуінің құрылысы биылғы жылы басталады. Атап айтқанда, СПМК-70 мөлтек ауданынан 2000 орындық және Арай-3 аудан бойынша 2000 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауынан 900 орындық мектеп, КБИ мөлтек ауданынан 600 орындық мектеп, Қызылжарма елді мекеннен 900 орындық мектеп құрылысы басталады. Сонымен қатар, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық мектептің құрылысын биыл аяқтап, маусым айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деді бөлім басшысы Ерлан Теңізбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: