Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сенбі, 11 мамыр, 08:41

Қызылорда қаласында Жалағаш ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

05.12.2022

327

0

Өткен сенбіде Қызылорда қаласындағы Титов қыстағында Жалағаш ауданы мен «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Таңертеңмен ерте басталған жәрмеңкеге жалағаштық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлердің алып келген өнімінің жалпы көлемі 50 көлікпен 167 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін әкелді. Яғни күріш, сиыр еті, картоп, қызанақ, қырыққабат, сөк талқан, құрт пен сүт секілді өнімдер жәрмеңкенің сәнін келтірді.  

Атап айтқанда, 45 тонна картоп, 35 тн күріш, 20 тн сәбіз, 9 тн жуа, 10 тн қырыққабат, 2 тн жылқы, сиыр еті, 15 тн асқабақ және тағы басқа да өнімдер базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада.

«Қазір дүкендерде кез келген азық-түлік өнімінің бағасы қымбат болып тұр. Әрине, жаз бойы күтіп-баптаған қолдың сапалы өнімін сатып алғанды жөн көреміз. Біз секілді қала тұрғындарына жер мәселесі қиын, болмаса өзім де ішіп-жейтін бақша өнімдерін егіп, мал баптағанға не жетсін. Осында ауыл шаруашылығы жәрмеңесі қаламызда жиі ұйымдастылса жақсы болары сөзсіз. Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Өнімдердің бағасы қалтаға қонымды, сапасы да жоғары»,  – дейді қала тұрғыны. 
 

318143253_1597307867387952_1960640091630519481_n.jpg
318166807_1597307904054615_2184840327164112889_n.jpg
318321734_1597309097387829_6353540029461115991_n.jpg
317944398_1597309320721140_5491447279665568914_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: