Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 01:01

Қызылордада сайлау науқанына дайындық жүйелі түрде жүргізілуде

19.10.2022

463

0

Қызылорда облысында 488 мың 964 сайлаушы, 382 сайлау комиссиясы бар. Оның ішінде 9 аумақтық, 373 учаскелік комиссия, онда барлығы 2710 комиссия мүшесі жұмыс атқарады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

«Учаскелік комиссиялардың жұмыстары 21 қазаннан басталады. ҚР Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, қала, аудан әкімдері сайлаушылардың тізімін 30 қазан күні сайлау учаскелеріне қол қойып, табыстайды. Ал, учаскелік комиссиялар 4 қарашадан кешіктірмей тізімді сайлаушылардың танысуына ұсынады. Бұған қоса, 9 қарашаға дейін сайлаушыларға сайлаудың өтетін орны мен уақытын хабарлайды. Сондай-ақ, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірге комиссияның 800 мүшесін оқыту жұмыстары басталды», – деді Ғалым Қонақбайұлы.

Қазіргі таңда ҚР Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымдардан 41 және шет мемлекеттен 2 байқаушының тізімі жасақталды. Ал жергілікті байқаушылар сайлау күні, яғни  20 қарашада тіркеліп, өзіне белгіленген учаскеде байқау жүргізе алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: