Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 13:33

Қызылордада тәжірибе ретінде егілген 3,5 гектар қант қызылшасынан 61 тонна өнім алынды

17.11.2022

162

0

Биыл Қызылорда облысында тәжірибе ретінде егілген 3,5 гектар қант қызылшасы толық жиналып, 61 тонна өнім алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Айнұр Тілеулеева жеткізді. 

Аймақтағы су тапшылығы секілді күрделі жағдайларға қарамастан Сыр диқандары биыл егілген дақылдарға агротехникалық талаптарға сай күтіп-баптау жұмыстарын өз мерзімінде жүргізіп, егін жинау науқанын сәтті аяқтады.

«Жалпы егін жинау қорытындысымен күздік бидай дақылынан 10,2 мың тонна, жаздық бидайдан 4,2 мың тонна, жаздық арпадан 174 тонна, тарыдан 1789,2 тонна, дән жүгеріден 3163 тонна өнім алынса, картоп, көкөніс және бақша дақылдарынан 420 мың тоннаға жуық өнім алынды. Сонымен қатар, майлы дақыл күнбағыстан 160,8 тонна, соядан 516,3 тонна, мақсарыдан 5 122 тонна өнім алынды», – дейді Айнұр Маратқызы. 

Мал азықтық дақылдарды дайындау мақсатында ауыл шаруашылық құрылымдары ескі жоңышқаны үш рет орды. Нәтижесінде барлығы 278,8 мың тонна шөп дайындалды. 

Спикердің айтуынша, биылғы жылы егілген жаңа жоңышқадан 22,7 мың тонна жоңышқа шөбі жиналған. Сондай-ақ, қант құмайынан 1,6 мың тонна өнім алынса, биылғы жылы тәжірибе ретінде егілген 3,5 гектар қант қызылшасы толық жиналып, 61 тонна өнім алынды.

WhatsApp Image 2022-11-17 at 16.35.52.jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: