Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 26 сәуiр, 16:53

Қызылордада «Жыл волонтері» байқауы өтеді

16.11.2022

268

0

Қызылордада «Жыл волонтері» байқауы өтеді.

«Құрметті достар! Волонтерлер! Қызылорда облыстық «Жыл волонтері» байқауы жарияланды. Байқауға 14-35 жас аралығындағы барлық волонтерлер, волонтерлік топ немесе ұйым мүшелері қатыса алады», – делінген ақпаратта.

Өткізу тәртібі: Сыйлық волонтерлік салада әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан өтініш берушілерге беріледі.

– Бірінші кезең: Осы Ереженің талаптарына сәйкес қажетті құжаттар (жеке куәлігі (көшірмесі), орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі), портфолио (волонтерлік бағытта жасаған іс-шаралар және сол бағытта алған алғыстар, дипломдар, жетістіктер) қоса тіркелген тіркеу өтінімімен бірге Қызылорда қаласы, Сол жағалау 15А мекенжайында орналасқан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не 2022 жылғы 22 қараша сағат 18:00-ге дейін тапсыру қажет;

– Екінші кезең: «Жыл волонтері» облыстық сыйлығының жеңімпаздарын анықтау, комиссия отырысы (2022 жылғы 23 қараша);

– Үшінші кезең: «Жыл волонтері» облыстық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау (Сыйлық жеңімпаздарына I, II, III орындар және бағалы сыйлықтар беріледі). Қосымша ақпаратты 8-775-720-35-47 нөмірі арқылы біле аласыз.

315406220_1666625647066274_375969657162511674_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: