Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 15:46

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаған тұрғынды ұстады

17.11.2022

221

0

Қызылорда облысының тұрғыны заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды.

Биылғы жылдың 20 қазан-20 қараша аралығында облыс көлемінде экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Биылғы жылдың 16 қарашасында Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері  далалық жерде «НИВА» автокөлігі тоқтатып, көлікке тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында  автокөліктің жүк салғышынан жарық шам (прожектор), 1-ұңғылы 12-калибрлі  аңшы мылтығы, 6 қоян жануарының өлі денесі тәркіленді. Күдікті ретінде 42 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен (заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіге процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – келу туралы міндеттеме берілді.

Айта кетерлігі, жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 28 күнде 243 табиғат қорғау заңнамаларын бұзу дерегі анықталды.

image-17-11-22-11-05-3.jpeg
image-17-11-22-11-05-1.jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: